РИДДЕР ҚАЛАСЫНДА ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ БОЙЫНША ҚР ЖАСТАР ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

14.03.2024_03.jpg

 

6-12 наурыз айында Риддер қаласында (ШҚО) шаңғы жарысы бойынша ҚР Жастар Чемпионатының 2 туры өтіп шықты. Жарыс аясында еркін жарыстар, қудалау жарыстары, командалық спринттер және эстафеталар өткізілді. Жарысқа Қазақстанның 12 өңірінен 130-дан астам спортшы қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғышылары 26 марапатқа ие болды. Олардың ішінде 9 «алтын», 10 «күміс» және 7 «қола» бар. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарында Лаура Киныбаева, Анастасия Ротова, Мария Люфт, Анастасия Хвощенок, Елизавета Толмачева, Милана Мамедова, Сабина Сулейменова, Дарья Рахманова, Виолетта Митропольская, Виктория Колесникова, Аружан Сабирова, Дидар Касенов, Артем Завялов, Илияс Исабек, Берик Боранбаев, Егор Кадыров, Радомир Малов, Аубакир Тотанов, Султан Базарбеков, Дастан Калибеков және Павел Гренц. Жастар чемпионатының екі турының жалпы есебінің қорытындысы бойынша үштікті Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарының спортшылары құрады.