
Екі «алтын», «күміс» және екі «қола» - жасөспірімдер әлем Кубогының бірінші кезеңінде шорт-тректен қазақстандық жастар құрамасының өнер көрсетуінің қорытындысы. Халықаралық старттар Астанада 7-9 қараша күндері өтті.
Богдан Вехов өз командасына екі алтын медаль әкеліп, 1000 және 1500 м қашықтықта үздік нәтиже көрсетті. Полина Омельчук - 1000 м қашықтықта қола жүлдегер. Қазақстандықтар ерлер эстафетасында тағы бір қоланы жеңіп алды. Аралас командалық жарыстарда біздің спортшылар «күмісті» алды.
Шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының екінші кезеңі 13-15 қарашада елордалық «Алау» мұз сарайында өтеді.
























































































