фристайл-могул

11.11.2025_05.jpg

 

Екі медальді Австриядағы FIS-старттарда қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық дайындық орталығының фристайл-могулшысы Юлия Феклистова жеңіп алды. Жарыс 6-8 қарашада Хинтертукс тау шаңғысы курортында өтті. Жарысқа Австрия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Қазақстан, Канада, Корея, Нидерланды, АҚШ, Украина, Чехия, Жапония спортшылары қатысты. Медальдар могул және параллель могул дисциплиналарында ойналды.

Могул дисциплинасының басталу нәтижелрі бойынша Юлия Феклистова испандық Эрика Руиц Лопес пен американдық Мила Либрододан озып, бірінші орынды иеленді. Параллель могулда біздің спортшы өзінің отандасы және командаласы Анастасия Городкоға ғана қолқа беріп күміс медаль жеңіп алды.