шаңғы жарысы

26.11.2025_01.jpg

 

Еркін стильдегі шаңғы жарыстары бойынша Шығыс Еуропа Кубогының I кезеңімен аяқталды. Жарыс 23 қарашада Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтті. Жарысқа Қазақстан, Үндістан, Қытай, Қырғызстан және Мексикадан 100-ден астам спортшы қатысты. Ерлер арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша үштікті Олжас Климин, Виталий Пухкало және Федор Карпов құрады. Қыздар тобында Надежда Степашкина жеңіске жетті. Екінші орында - Ксения Шалыгина, үшінші орында - Арина Арестова орналасты. Шаңғы жарысы бойынша Шығыс Еуропа Кубогының I кезеңінің қорытындысы бойынша Олжас Климин мен Ксения Шалыгина көшбасшы болып атанды.