
Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының тау шаңғышысы Александра Скороходова SKILV CUP SUOMUTUNTURI халықаралық турнирінде өнер көрсетті. Жарыс 27-30 қараша күндері Финляндияда өтті. Спортшылар алып слалом дисциплинасы бойынша сынға түсті. Медальдар үшін Ұлыбритания, Қазақстан, Корея, Латвия, Литва, Норвегия, АҚШ, Финляндия, Швеция және Чехия елдерінің тау шаңғышылары жарысты.
FIS жарыстарының қорытындысы бойынша Александра Скороходова 2 медаль жеңіп алды.
Жарыстың бірінші күнінде ол Джоанна Лааксоға (Финляндия) және Регина Дэнилсенге (Норвегия) жол беріп, үшінші орынға ие болды.
Екінші жарыс күні біздің спортшымызға алтын медаль әкелді.
Ол жарыстың бірінші күніндегідей құрамда құрмет тұғырына көтерілді.
























































































