
Жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының бірінші кезеңінде қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгірушілері 4 медаль жеңіп алды. Жарыс 29–30 қараша күндері Италияда (Милан қ.) өтті. 1000, 1500 және 3000 м қашықтықта жеткіншектер тобында Кристина Шумекова үш жоғары медальді жеңіп алды. Нео-сеньорлар арасында өткен 1000 метрлік қашықтықтағы жарыста Дарья Важенина қола медаль иеленді.
Анастасия Беловодова, Мария Деген, Андрей Семенов және Абылайхай Қайыргазы түрлі қашықтықтарда үздік топ-5 пен топ-10 қатарына кірді. Жасөспірімдер қыздар арасындағы командалық пасьютте (Кристина мен Алина Шумековалар, Анастасия Беловодова) қазақстандық команда 4-орын алды.
Осы жарыстың нео-сеньорлар тобында Қазақстан құрамасы (Мария Деген, Мария Кузнецова, Дарья Важенина) бесінші орын алды.
Жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының келесі кезеңі 6–7 желтоқсанда Италияның Коллальбо қаласында өтеді.
























































































