ШАҢҒЫ РОЛЛЕРЛЕРIНЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ КЕЗЕҢІ: МАСС-СТАРТТА КЛАССИКАЛЫҚ СТИЛЬДЕ КӨШБАСШЫЛАРДЫҢ ҮШТІГІ АНЫҚТАЛДЫ

11.09.2023_07.jpg

 

Екі медальді Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары шаңғы роллерлерінен Әлем Кубогының соңғы күні жеңіп алды. Елизавета Толмачева - масс-старттың күміс жүлдегері. Дастан Калибеков - қола жүлдегері. Сұлтан Базарбековке жүлделі орын берілмеді. Ол 4-ші орынды иеленді. Сондай - ақ, жасөспірімдер арасындағы үштікке итальяндықтар Габриэль Ригаудо мен Карло Кантони, жасөспірімдер арасында Матильда Гран (Швеция) және Ванесса Кагнати (Италия) кірді. Италияда Әлем Кубогы кезеңінде қазақстандық спортшылар барлығы 3 медаль - екі қола және бір күміс медаль жеңіп алды. Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық жарыс Валь-ди-Фьемме қаласында 8-10 қыркүйекте өтті. Жарысқа әлемнің 16 елінен келген спортшылар қатысты.