
Бүгін Астана халықаралық әуежайында конькимен жүгіруден ҚР жастар құрамасын зор қошеметпен қарсы алдық. Атлеттер Италияның Милан және Коллальбо қалаларында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының екі кезеңінде өнер көрсетіп, елге оралды. Жарыс қорытындысы бойынша спортшыларымыздың қоржынында 15 медаль (8 «алтын», 4 «күміс», 3 «қола») бар. Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарында Кристина Шумекова, Дарья Важенина, Инесса Шумекова, Алина Дауранова, Андрей Семенов, Дмитрий Осипенко, Абылайхан Қайырғазы бар.
Әуежайда конькимен жүгірушілер құрамасын қарсы алып, жарыстардағы сәтті өнерлерімен құттықтау үшін спортшылардың достары мен туыстары, сондай-ақ спорт ұйымдарының өкілдері жиналды.



































































































