биатлон

29.09.2025_01.jpg

 

Аралас эстафеталармен биатлоннан ҚР жазғы Чемпионаты аяқталды. Қорытынды жарыстар 29 қыркүйекте Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтті. Эстафеталарға Қазақстанның 6 өңірінен командалар қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасындағы эстафета қорытындысы бойынша: Эстафета 1+1
Ерлер/әйелдер
1 Ақмола облысы (А. Скрипкина, В. Куралес)
2 ШҚО (Е. Мусохранова, И. Дарьин)
3 Ақмола облысы (С. Майер, В. Малыков) Жасөспірімдер
1 Алматы облысы (В. Миронова, Б. Авизов)
2 ШҚО (С. Унжакова, К. Федоров)
3 Абай облысы (Э. Мезенцева, А. Шнайдер) Эстафета 2+2
Ерлер/әйелдер
1 Ақмола облысы (П. Егорова, А. Викулова, А. Мухин, Р. Амурлаев)
2 Алматы облысы (М. Генева, А. Ракишева, А. Дуйсенов, Е. Қуандық)
3 Ақмола облысы (А. Куприянова, В. Ширяева, Б. Тұрлыбеков, Д. Червенко) Жасөспірімдер:
1 Ақмола облысы (М. Воробьева, П. Подгорнова, В. Середенко, Э. Шефер)
2 Ақмола облысы (К. Балтабаева, А. Холопцева, К. Зотов, М. Зиновьев)
3 Ақмола облысы (Д. Фоленвейдер, А. Воробьева, И. Беленец, М. Гучинский) Естеріңізге сала кетейік, биатлоннан ҚР жазғы Чемпионаты 22-29 қыркүйекте өтті. Республикалық біріншілік аясында медальдар спринт, жеке жарыстар, пасьют, масс-старт және эстафетада ойнатылды. Республикалық біріншіліктің жалпы командалық есебінде Ақмола облысының құрамасы жеңіске жетті. Екінші орында – СҚО, үшінші орында - Алматы облысының спортшылары.