Жапонияда конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының III кезеңі басталды. 3 ақпанда 1000, 3000 м қашықтықтағы жарыстар және командалық спринт өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді екі жас тобында - жасөспірімдер мен нео-сеньорлар анықтады.
Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгірушілері 5 марапатқа ие болды. Олардың ішінде жеке есепте 1 қола медаль, сондай-ақ командалық спринтте 1 «алтын», 1 «күміс» және 2 «қола» бар.
Нео-сеньорлар тобында Мария Кузнецова 1000 м қашықтықта қола жүлдегер атанды. Бірінші орында Сара Кабрера (Испания), екінші орында қазақстандық спортшы Маргарита Артемьева тұр.
Нео-сеньорлар арасындағы командалық спринтте Алена Лифатова, Мария Кузнецова және Маргарита Артемьева жарыстың көшбасшылары болды. Екінші орында Испания құрамасы, үшінші орында - Латвия құрамасы тұр. Ерлер арасындағы жарыста Руслан Жанадилов, Аскар Абдумалик және Кудайберген Темиржанов үшінші орын алды.
Жасөспірімдер тобындағы командалық спринтте Дарья Гаврилова, Алина Шумекова және Кристина Шумекова күміс жүлдегерлер атанды. Бірінші орында Нидерланды командасы, үшіншісі - Польшадан келген спортшылар тұр. Жасөспірімдер арасында Руслан Жанадилов, Андрей Семенов және Михаил Глущенко «қоланы» жеңіп алды. Бірінші және екінші орында Германия мен Канада құрамалары тұр.
Конькимен жүгіру спортынан Әлем Кубогы кезеңіне Австрия, Австралия, Бельгия, Венгрия, Германия, Испания, Италия, Қазақстан, Канада, Корея, Латвия, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Румыния, АҚШ, Жапония спортшылары қатысады.
Ертең, 4 ақпанда спортшылар 500, 1500 м және масс-стартта өнер көрсетеді.