7-14 ақпанда Қытайда IX Қысқы Азия ойындары өтеді. Ірі халықаралық старттардың астанасы Харбин қаласы болмақ. Жарысқа Азияның 32 елінен 1000-нан астам спортшы қатысады. Биатлон, шаңғы жарысы, керлинг, тау шаңғысы, конькимен сырғанау, шорт - трек, мәнерлеп сырғанау, сноуборд, фристайл-акробатика, хоккей және шаңғы тебу сияқты 11 спорт түрінен 196 медаль жиынтығы ойналады. Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасын 138 спортшы таныстырады. Олардың ішінде Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының 15 спортшы қатысады. Олар Алексей Кулаков, Ростислав Хохлов, Ксения Бережная, Александра Скороходова (тау шаңғысы спорты), Кристина Шумекова, Алина Шумекова, Арина Ильященко, Дарья Важенина, Мария Деген, Вадим Якубовский (конькимен жүгіру спорты), Ардана Маханова, Асан Асылхан (фристайл-акробатика), Софья Самоделкина (мәнерлеп сырғанау), Алина Ажгалиева, Зейнеп Құмарқан (шорт-трек) бар. Қазақстандықтар алғаш рет 1996 жылы Азиадада өнер көрсетті. Харбин-2025 ойындары отандық спорт тарихында алтыншы болады. Алдыңғы Қысқы Азия ойындарында біздің спортшылар 196 медаль жеңіп алды: 78 алтын, 62 күміс және 56 қола.