Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғы жарысының спортшылары оқу-жаттығу жиыны аясында Финляндияда FIS-старттарда өнер көрсетті. Жарыс 7-8 желтоқсанда Иматра қаласында өтті. Халықаралық жарыстар аясында Болгария, Бразилия, Қазақстан, Латвия, Украина, Финляндия спортшылары еркін стильдегі спринттер мен классикалық жарыстарда бақ сынасты. Қазақстандық спортшылар арасында FIS-старттарда Евгения Вадутова үздік нәтиже көрсетті. Спринтте ол жартылай финалға дейін жетіп, жасөспірімдер арасында 6-шы орынға ие болды. Классикалық жарыста Дастан Калибеков топ-20-ға кіріп, 17-ші орынға ие болды. Финляндиядағы шаңғы жарысы бойынша FIS-старттарында ерлер арасындағы жарысты финдік спортшы Ристоматти Хакола жеңіп алды. Ол 20 км қашықтықты 46:22.2-де жүріп өтті. Әйелдер арасында Финляндия өкілі Фанни Куконлето көшбасшы болды. Оның қашықтықты өту уақыты 55:01:09.