ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ

16.01.2025_03.jpg

 

16 қаңтарда Щучинск қаласында қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы базасында шаңғы жарысынан Шығыс Еуропа Кубогы басталды. Бірінші жарыс күні спортшылар спринттен өтті. Біліктілік стартына Қазақстанның 10 өңірінен 120-дан астам шаңғышы шықты . Финалдық жарыстардың қорытындысы бойынша көшбасшылар үштігін келесі спортшылар құрады:

Ерлер:

1 Константин Борцов

2 Владислав Ковалев

3 Олжас Климин

Әйелдер:

1 Надежда Степашкина

2 Мария Люфт

3 Дарья Ряжко

Шығыс Еуропа кубогы кезеңінің келесі басталуы 18 қаңтарда өтеді. Спортшылар скиатлонда өнер көрсетеді.