тау шаңғы спорты

27.01.2025_07.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының тау шаңғышысы Александра Скороходова Италияда FIS-старттарында слалом пәнінен күміс медаль жеңіп алды. Фиби Хейдон (Австралия) көшбасшы болды. Үшінші орында - Дороти Мобиглия орналасты (Италия). Тау шаңғы жарысы 25-26 қаңтарда Кавалезе - Альпе Чермиз тау шаңғы курортында өтті. Әйелдер жарыстарына Австралия, Австрия, Германия, Греция, Италия, Қазақстан, Ливан, Македония, Жаңа Зеландия, Румыния, АҚШ және Жапониядан 90-нан астам спортшы қатысты.