1-2 ақпанда Италияда коньки жүгіру спортынан жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының III кезеңі өтті. Жарысқа әлемнің 30-ға жуық елінен келген спортшылар қатысты. Конькимен жүгірушілер 500, 1000, 1500, 3000 м қашықтықта, сондай-ақ масс-старт пен командалық спринтте өнер көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жас санаттары бойынша нео-сеньорлар мен жасөспірімдер анықтады. Әлем кубогының III кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 марапатқа ие болды. Алина Дауранова 1000 м қашықтықта жеңімпаз атанды және нео-сеньорлары арасында 500 м қашықтықта күміс жүлдегер атанды. Қазақстандықтар командалық спринтте тағы бір «алтын» жеңіп алды. Команда құрамында - Алина Дауранова және ҚСТ ОДО спортшысы Арина Ильященко мен Алена Лифатова бар. Бұл жарыста құрмет тұғырының екінші және үшінші сатыларын Италия мен Норвегия құрамалары иеленді. Естеріңізге сала кетейік, конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогы 2024 жылдың қараша айында Польшада басталды. Кубоктың үш кезеңінде Қазақстан құрамасы 7 марапатқа ие болды - 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль. 7-9 ақпанда конькимен жүгіру спортынан ҚР жастар құрамасы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында өнер көрсетеді. Старттар тағыда Италияда жерінде өтеді.