Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шорт-трекшілері Алина Ажгалиева мен Дінмұхамедалдияр Тәжібай - Туриндегі ХХХІІ қысқы Универсиаданың қола жүлдегерлері. Үшінші орынды қазақстандық шорт-трекшілер Валерий Клименко және Малика Ермекпен бірге аралас эстафетада жеңіп алды. Үздік нәтижені Оңтүстік Корея құрамасы көрсетті. Екінші орында Қытайдан келген спортшылар орналасты. Естеріңізге сала кетейік, ХХХ II Қысқы Универсиада 13-23 қаңтарда Италияда өтеді. Қазіргі уақытта қазақстандық құрама жалпы командалық есепте 12-ші орында тұр. Біздің спортшылардың қоржынында 13 марапат бар - 3 «алтын», 4 «күміс» және 6 «қола» бар.