Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғы курортында жасөспірімдер арасында фристайлдан Әлем чемпионаты өтуде. 7-9 қаңтарда могулда чемпиондар анықталды. Медальдар келесі пәндерде ойнатылды могул, параллель могул және параллель командалық могул. Жарысқа Германия, Италия, Қазақстан, Корея, АҚШ, Украина, Швейцария, Швеция, Чехия, Франция және Жапониядан 60-қа жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының есебінде 3 тұғыр бар. Олардың екеуі - ұлттық құраманың мүшесі Анастасия Городконың қоржынында. Ол могулда күміс медаль жеңіп алып, параллель могулда көшбасшы болды. Параллель командалық могулда Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары Юлия Феклистова мен Денис Раструба күміс жүлдегерлер атанды. Ертең, 10 қаңтарда Шымбұлақта фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Спортшылар жеке және командалық жарыстарда өнер көрсетеді.