2-5 қарашада Астанада DENIS TEN MEMORIAL CHALLENGE 2023 халықаралық турнирі өтті. Белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыны еске алу және беделді жарыстарда өнер көрсету үшін, Қазақстанға Австралия, Әзірбайжан, Армения, Бельгия, Бразилия, Венгрия, Германия, Грузия, Израиль, Кипр, Корея, Польша, Сербия, Түркия, Өзбекстан, Украина, Чехия, Швеция, Финляндия, Франция, Эстония, Оңтүстік-Африка Республикасының мәнерлеп сырғанаушылары келді.
Жеке конькиде ересектер арасындағы турнирдің жеңімпаздары Юхеон Лим (Корея) және Мария Сенюк (Израиль) болды. Жасөспірімдер тобында - Хабин Чой (Корея) және Инга Гургенидзе (Грузия) жеңімпаз атанды.
Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькимен сырғанаушылар арасында Денис Тен мемориалында үздік нәтиже көрсеткен Никита Кривошеев болды. Ол жасөспірімдер тобында төртінші болды. Артур Смагулов - бесінші орында. Жас санаттарындағы үздік 10-ға София Фарафонова, Анна Левковец, Зере Сарбалина кірді.
Халықаралық турнир аяқталғаннан кейін әлемдік деңгейдегі мәнерлеп сырғанау жұлдыздары Шей Лин Бурн (Канада), Мари Пьер (Франция), ресейліктер Аделия Петросян, Алена Косторная, Георгий Куницаның қатысуымен қайырымдылық гала-шоу өтті. Гала-шоудан түскен қаражат Қазақстанда мәнерлеп сырғанауды дамытуға және Денис Тен академиясының жас, талантты мәнерлеп сырғанаушыларын қолдауға жұмсалады.