Керлингтен ҚР Ұлттық құрамасы Панконтинентальдық чемпионатта В-дивизионда 2 медаль жеңіп алды. Халықаралық старттар Канадада 26 қазан - 2 қараша аралығында өтті. Құрамында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының керлері Ибрагим Тастемир өнер көрсеткен ерлер командасы - чемпионаттың күміс жүлдегері. Спортшылар Ямайка, Үндістан, Нигерия, Бразилия, Пуэрто-Рико, Гонконг, Кения, Сауд Арабиясы, Катар және Филиппин құрамаларымен ойнады. 10 ойынның сегізінде жеңіске жетті. Соңғы раундтардың қорытындысы бойынша жігіттер екінші орынға ие болды. Дивизионның чемпиондары филиппиндіктер болды, үшінші орында Гонконг. Құрамында ҚСТ ОДО спортшысы Яна Эбауэр өнер көрсеткен әйелдер командасы - чемпионаттың қола жүлдегері. Қыздар Австралия, Филиппин, Ямайка, Гонконг, Бразилия, Нигерия және Кения командаларымен ойнады. Жеті ойынның алтауында қазақстандықтар жеңіске жетті. Плей-офф ойындарының қорытындысы бойынша спортшылар Австралия мен Ямайкадан кейін 3-ші орынға ие болды. Керлинг бойынша панконтинентальдық чемпионат - Дүниежүзілік керлинг федерациясының (WCF) қолдауымен жыл сайынғы халықаралық турнир. Әлем чемпионаттарына іріктеу бастамасы болып табылады. 2022-2023 қысқы жарыс маусымынан бастап Тынық Мұхиты-Азия керлинг чемпионатын ауыстырады.