Қазақстандық конькимен жүгірушілер Төрт Құрлық Чемпионатының медальдық есебін қола жүлдемен ашты. Командалық спринтте үшінші орынды Кристина Силаева, Надежда Морозова және Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгірушісі Дарья Важенина жеңіп алды. Бірінші болып Канада өкілдері, екінші орында - Корея құрамасы. Төрт Құрлық Чемпионаты 15 қарашада Жапонияның Хатинохе қаласында басталды. Халықаралық жарыстар аясында спортшылар 500, 1000, 1500, 3000, 5000 м қашықтықтарда, сонымен қатар командалық жарыстарда өнер көрсетеді.