ШАҢҒЫ РОЛЛЕРЛЕРІНЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ-2024

19.08.2024_03.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының жасөспірімдері тағы да халықаралық аренада өздерін лайықты қарсылас ретінде көрсетті. Жеке жарыс қорытындысы бойынша жасөспірімдер тобында қазақстандықтар 5 медаль жеңіп алды. ҚСТ ОДО шаңғышысы Аида Хажиеваның «күміс» және Дарья Кимнің «қола»медальдары бар.Қыздар Швеция өкілі Джоанна Холмбергке ғана жол берді. Ерлер жарысында құрмет тұғырының барлық үш сатысын қазақстандықтар иеленді. Бірінші орында ҚСТ ОДО спортшылары Әмірғали Мұратбеков, екінші орында Еділбек Елубаев, үшінші орында ҚСТ ОДО- ның тағы бір спортшысы Берік Боранбаев орналасты.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Ұйымдастыру комитеті ҚР Туризм және спорт министрлігінің іс-шараларын өткізуге қолдау көрсеткені үшін ерекше алғыс білдіреді, Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ @samrukkazyna_official @sportqory спортты қолдау қорымен біріктірілген.