халықаралық жарыстар

21.10.2024_01.jpg

 

Қазақстандық конькимен жүгірушілер командасы Германияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын аясында спортшылар 19-20 қазанда Инцеле қаласында өткен ISU халықаралық жарыстарына қатысты. Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгіру жарысында Кристина Шумекова жасөспірімдер арасында жаңа ұлттық рекорд орнатты. Жаңа рекорд уақыты - 4: 15: 48.

Старт қорытындысы бойынша Кристина 2-ші орынды иеленді. Бірінші мәре сызығын қазақстандық Надежда Морозова еңсерді. Үшіншісі Германиядан келген спортшы Майра Яш болды.