халықаралық жарыстар

24.09.2024_03.jpg

 

Қазақстандық «қанатты» шаңғышылар шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Гран-При кезеңдеріне қатысады. 21-22 қыркүйекте спортшылар Румынияда (Рашнов қ.) жарыстарда өнер көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы Илья Мизерных 24-орынға ие болды. Жарыс Normal Hill HS97 тұғырында өтті. - Қазақстандық шаңғымен секіру тарихында тұңғыш рет еліміздің үш қатысушысы да топ-30-ға кіріп, финалға шықты, - деп атап өтті ҚСТ ОДО шаңғымен секіру бойынша аға жаттықтырушы Қайрат Биекенов. - Бұл Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының тәрбиеленушілері мен түлектері - Илья Мизерных, Данил Васильев, Святослав Назаренко. Қазір лицензиялау кезеңі жүріп жатыр, біз Қысқы Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін ұпай жинаймыз. Біздің спортшылардың нәтижелері - жақсы көрсеткіш. Шаңғымен тұғырдан секіру Гран-приі-жылы айларда Халықаралық шаңғы федерациясы өткізетін жыл сайынғы жарыстар. Гран-При алғаш рет 1994 жылы өткізілді.