Эстонияның Отепя қаласы 22-25 тамызда биатлоннан жазғы Әлем чемпионатын өткізді. Жарыс аясында супер-спринт, спринт, пасьют және масс-старт өтті. Чемпионатқа Болгария, Венгрия, Грузия, Дания, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Моңғолия, Норвегия, Польша, Сербия, Словакия, Украина, Финляндия, Чехия, Швеция, Эстония және т. б. елдердің өкілдері қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша Егор Гребенщиков қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының биатлоншылары арасында үздік нәтиже көрсетті. Спринтте спортшы Егор Гребенщииков әр шебінде барлық нысандарды жауып тастай отырып, керемет атыс көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 18-ші орынға ие болды. Екінші және үшінші орынды Норвегиялықтар Хаавард Тостеруд пен Зиверт Герхардсен иеленді.