Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгірушісі Никита Важенин Төрт Құрлық Чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол командалық спринтте Артур Галиев пен Алтай Жардамбекұлымен бірге екінші орынды иеленді. Төрт Құрлық Чемпионаты 20-22 қаңтарда Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өтті. Чемпионат аясында 500, 1000, 1500, 3000, 5000 м қашықтықтағы жарыстар, командалық спринттер мен пасьюттер, сондай-ақ масс-старт өтті. Жарысқа Аргентина, Қазақстан, Канада, Қытай, Корея, АҚШ, Жапония спортшылары қатысты.