шорт-трек

11.12.2024_01.jpg

 

Шорт-тректен ҚР әйелдер құрамасы - Қытайдағы ISU Short Track World Tour Әлем Кубогы кезеңінің қола жүлдегері. Команда эстафетада үшінші орын алды. Жүлдегерлер арасында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шорт-трекші Алина Ажгалиева, сонымен қатар команда құрамында қазақстандық спортшылар Яна Хан, Ольга Тихонова және Малика Ермек бақ сынасты. Марапат тарихи деп аталды, өйткені ол Қазақстан үшін осы пән бойынша ірі халықаралық жарыстардағы алғашқы медаль болды. Эстафетадағы ең жақсы нәтижені Канада құрамасы көрсетті. Екінші орында – Корея спортшылары орналасты. ISU Short Track World Tour кезеңі 6-8 желтоқсанда Пекинде өтті. Халықаралық жарыстар аясында 500, 1000, 1500 м жарыстар мен эстафеталар өтті. Шорт-тректен ересектер арасындағы Әлем Кубогының келесі кезеңі 13-15 желтоқсанда Кореяда өтуі жоспарланған.