тау шаңғы спорты

03.12.2024_03.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының тау шаңғышысы Александра Скороходова Австрияда FIS-старттарда екі медаль жеңіп алды. Спортшы гигант-слалом пәнінде жасөспірімдер тобында өнер көрсетті. Бірінші жарыс күнінде Александра Чехия өкілі Тереза Коутнадан кейін күміс жүлдегер атанды. Келесі жарыста қазақстандык спортшы көшбасшы болды. Екінші орында австриялық Елена Грумер, үшінші орында Тереза Коутна (Чехия) орналасты. FIS-старттары 28 қараша - 1 желтоқсан аралығында Майрхофен тау шаңғысы курортында өтті. Жасөспірімдер тобында Австрия, Австралия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Қазақстан, Канада, Нидерланды, Польша, Словакия, Словения, АҚШ, Украина және Чехиядан 70-тен астам спортшы өнер көрсетті.