21 желтоқсанда Щучинск қаласында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында шаңғы жарысынан Шығыс Еуропа Кубогының II кезеңі басталды. Бірінші жарыс күнінде спортшылар спринтте классикалық жүріспен өнер көрсетті. Біліктілік стартына Қазақстанның 12 өңірінен 160-тан астам спортшы шықты.
Спринт қорытындысы бойынша көшбасшылардың үштігі:
Ерлер:
1 Константин Борцов
2 Ернар Нурсбеков
3 Дидар Касенов
Әйелдер
1 Надежда Степашкина
2 Дарья Ряжко
3 Мария Геращенко
Ертең, 22 желтоқсанда, шаңғы жарысы бойынша Шығыс Еуропа Кубогы аясында классикалық жүріпен масс-старт өтеді.