тау шаңғы спорты

16.01.2025_01.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының тау шаңғышылары Тимофей Костров пен Валерия Квач - «Үлкен Алтай» II қысқы халықаралық ойындарының медаль иегерлері. Жарыс қорытындысы бойынша Валерия Квач 3 жоғары сынақ жүлдесін жеңіп алды. Тимофей Костровтың қоржынында «алтын», «күміс» және «қола» бар. Спортшылар слалом, гигант және супергигант пәндерінде өнер көрсетті.

«Үлкен Алтай» II қысқы халықаралық ойындары 10-15 қаңтарда Қытайда өтті. Спорттық іс-шараға Қазақстан, Қытай, Моңғолия және Ресейден 18 жасқа дейінгі 150 спортшы қатысты. Ойындар аясында спорттың 7 түрі бойынша жарыстар өтті: конькимен жүгіру, тау шаңғы спорты, сноуборд, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы және ски-альпинизм.