ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ

25.11.2024_05.jpg

 

Еркін стильдегі шаңғы жарыстары бойынша Шығыс Еуропа Кубогының I кезеңімен аяқталды. Жарыс 23 қарашада Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтті. Жарысқа Қазақстанның 12 өңірінен 140-тан астам спортшы қатысты. Ерлер арасындағы жарыстың қорытындысы бойынша үштікті Виталий Пухкало, Ернур Бексұлтан және Святослав Матасов құрады. Қыздар тобында Лаура Қиныбаева жеңіске жетті. Екінші орында - Елизавета Толмачева, үшінші орында - Анна Мельник орналасты. Шаңғы жарысы бойынша Шығыс Еуропа Кубогының II кезеңі Щучинск қаласында 21-24 желтоқсанда өтеді. Бұл жарыстар қазақстандық спортшылар үшін Харбин қаласындағы Қысқы Азия ойындарына қатысуға іріктеу турына айналады.