Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының биатлоншылары жасөспірімдер арасындағы IBU Кубогы кезеңінде өнер көрсетті. Жарыс 16-19 қаңтарда Польшада өтті. Кубок кезеңі аясында спринттер мен масс старттар өтті. Медальдар үшін әлемнің 30 елінен 220-ға жуық спортшы бақ сынасты. Қазақстан атынан Егор Гребенщиков, Владимир Конивец, Евгений Литвинов, Диас Омаров, Артем Афанасьев, Мария Полдяева, Адима Қуанышбекова, Эвелина Мезенцева қатысты. Қазақстандық биатлоншылар арасында Егор Гребенщиков үздік нәтиже көрсетті. Спринтте IBU Кубогының поляк кезеңінің соңғы күні ол 7-ші орынға ие болды. Спортшы екі шепте де таза атыс көрсетті. Егор көшбасшыдан 1 минутқа артта қалды. Жарыстың жеңімпазы Сондре Стеттемарк (Гренландия) болды. Екінші және үшінші орында Лукас Танхаймер (Германия) және Леонард Пфунд (Германия) орналасты.