КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУ СПОРТЫ

03.12.2024_07.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының конькимен жүгірушілері ересектер арасындағы Әлем Кубогы кезеңінде өнер көрсетті. Жарыстар 29 қараша - 1 желтоқсан аралығында Қытайда (Пекин қ.) өтті. Әлем Кубогының II кезеңі аясында 500, 1000, 1500, 3000/5000 м қашықтыққа жүгіру, масс-старт және командалық спринт өтті. Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінің спортшылары қатысты. Командалық спринтте Әлем Кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша құрамына ҚСТ ОДО спортшысы Дарья Важенина кірген қазақстандық әйелдер құрамасы 6-шы орынды иеленді. Сондай-ақ, Дарья Важенина В дивизионында 1000 м қашықтықта 9-шы болды. ТОП-10-ға (В дивизионы) Кристина Шумекова да кірді. Ол 1500 м қашықтықта 10-шы орынға ие болды.