жазғы дайындық

24.09.2024_05.jpg

 

Жазғы ҚР Чемпионатының қорытындысы бойынша Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының биатлоншылары жеке есепте 13 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 3 «алтын», 5 «күміс» және 5 «қола» бар. Сондай-ақ эстафеталарда ҚСТ ОДО биатлоншыларының есебінде 5 тұғыр - 2 «алтын», «күміс» және 2 «қола». Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында Диас Омаров, Егор Гребенщиков, Евгений Литвинов, Захар Шкарин, Антон Редькин Виктор Бровко, Вадим Середенко, Эрик Шефер, Артем Афанасьев, Мария Воробьева, Софья Унжакова, Екатерина Мусохранова бар.

ҚР чемпионаты сонымен қатар спортшылардың жазғы дайындығын - олардың дене шынықтыру деңгейін, техникалық дағдыларын қорытындылады. Республикалық біріншілікте жоғары нәтиже көрсеткен биатлоншылар Қазақстанды халықаралық аренада жаңа қысқы жарыс маусымында таныстырады.