халықаралық жарыстар

27.08.2024_03.jpg

 

Минск қаласында оқу-жаттығу жиыны аясында қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының фристайл-акробаттары Беларусь Республикасының ашық жазғы чемпионатына қатысты. Жарыста Асан Асылхан финалға өткен еді. Жарыс қорытындысы бойынша спортшымыз Асан Асылхан 11-ші орынды иеленді. Беларусь Республикасының Минск қаласындағы 23-24 тамыз аралығындағы Жазғы чемпионаты «Фристайл» оқу-жаттығу орталығында өтті. Минск қаласындағы жарысқа Беларусь, Ресей және Қазақстан спортшылары қатысты. Турнирге Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері, Әлем кубогы кезеңдерінің және басқа да халықаралық старттардың жеңімпаздары жиналған болатын.