жазғы дайындық

10.09.2024_01.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында Биатлоннан ҚР жазғы Жастар Чемпионаты аяқталды. Республикалық біріншілік аясында спринттер, жеке жарыстар мен эстафеталар өтті. Жарысқа Қазақстанның 9 өңірінен 110-нан астам спортшы, сондай-ақ Моңғолиядан келген биатлоншылар қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепті Ақмола облысының құрамасы, екінші орында - шығыс қазақстандықтар, үшінші орында - Солтүстік Қазақстан өңірі жеңіп алды.