халықаралық жарыстар

16.09.2024_01.jpg

 

Италияда шаңғы роллерлерінен Әлем Кубогын қорытындылады. 12-15 қыркүйекте Дзиано-ди-Фьемме қаласында Әлем Чемпионаты өтті, ол да Кубок есебіне кіреді. Жазғы халықаралық біріншілікте Қазақстан атынан 15 спортшы қатысты. Олардың қатарында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғышылары Григорий Дачкин, Берік Боранбаев, Павел Гренц, Әубәкір Тотанов, Сабина Сулеймонова, Анастасия Хвощенок, Айдана Чонконова, Евгения Вадутова, Виолетта Митропольская бар. Италияда өткен шаңғы роллерлерінен Әлем Чемпионатына 31 мемлекеттен 200-ден астам спортшы жиналды. Әлемдік біріншілік аясында классикалық және еркін стильде масс-старттар, супер-спринттер мен командалық спринттер өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша әр түрлі қашықтықтағы топ-10-да ҚСТ ОДО спортшылары Анастасия Хвощенок пен Павел Гренц кірді. Командалық спринттерде жасөспірімдер құрамасы 5-ші орынға ие болды, жасөспірімдер 6-шы орынға ие болды. Шаңғы роллерлерінен Әлем Кубогының жалпыкомандалық есебінде Қазақстан Швеция құрамасынан сәл жеңіліп, 3-ші орынды иеленді. Биылғы Ұлт кубогы Италия командасына бұйырды.