халықаралық жарыстар

21.10.2024_03.jpg

 

Қазақстандық керлингшілер Шотландияда өткен аралас командалар арасындағы Әлем чемпионатында 1/8 финалға жетті. Спортшылар іріктеу турларында жеті елдің құрамасын жеңіп, Швейцариядан келген керлингшілерден ғана ұтылып, жоғары деңгей көрсетті. 1/8 финалда спортшылар Жапония құрамасынан 8:5 есебімен жеңіліп қалды.

Аралас командалар арасындағы Әлем чемпионатындағы плей-офф кезеңінде отандық спортшылар қазақстандық керлинг тарихында тұңғыш рет шықты. Беделді халықаралық жарыстарға 39 команда қатысты. Ойындардың қорытындысы бойынша үштікті Швеция, Жапония және Швейцария құрамалары құрады.

Аралас командалар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан атынан Абылайхан Жүзбай, Тылсымай Әлиярова, Айдос Әлияр және Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы Мерей Тастемір қатысты. Швейцарияда халықаралық старттарда өнер көрсетуді аяқтаған спортшылар Канадаға оқу-жаттығу жиынына аттанды. Ол аяқталғаннан кейін керлингшілер Пан-континентальды чемпионатқа қатысады.