іріктеу жарыстары

04.10.2024_01.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шорт-трекші Алина Ажгалиева ҚР ересектер арасындағы іріктеу чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Оның есебінде 1500 м қашықтықта үшінші орын және эстафетада «күміс»  медаль болды.

Республикалық біріншілік үш күн бұрын Астанада басталып, 5 қазанға дейін жалғасады. 

Жарысқа Қазақстанның 10 өңірінен 120-ға жуық спортшы қатысуда. Жүлделі орындарға ие болған және үздік нәтижелер көрсеткен спортшылар шорт-тректен ҚР Ұлттық құрамасына енеді және ірі халықаралық жарыстарда жаңа қысқы жарыс маусымында өнер көрсетеді.