Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының мәнерлеп сырғанаушылары EPHESUS CUP 2025 халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті. Жарыс 20-26 Қаңтарда Измир қаласында (Түркия) өтті.
Турнир қорытындысы бойынша Артур Смагулов жасөспірімдер арасында көшбасшы атанды. Қысқа және еркін бағдарлама үшін ол 174.56 ұпай жинады. Екінші орында - біздің отандасымыз Никита Кривошеев. Оған қазылар алқасы 172.47 ұпай берді. Үшінші орында Түркия өкілі Фуркан Эмре Инсель орналасты.
Тұғырдан бір қадамда ҚСТ ОДО-ның тағы бір спортшысы Вероника Ким тоқтады. Жасөспірімдер арасында ол Эстония, Грузия және Әзірбайжаннан келген коньки тебушілерді алға жіберіп, 4-ші орынға ие болды.