биатлон

17.09.2025_05.jpg

Щучинск қаласында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан ҚР жазғы жастар Чемпионаты жалғасуда. 14 қыркүйекте 1+1 және 2 + 2 эстафеталарында жасөспірімдер өнер көрсетті. Жарысқа Қазақстанның 10 облысынан командалар қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасындағы эстафета қорытындысы бойынша:
Эстафета 1+1:
1 Алматы облысы (В. Миронова, Б. Авизов)
2 Ақмола облысы (М. Воробьева, З. Шкарин)
3 Абай облысы (Э. Мезенцева, М. Беленков) Эстафета 2+2:
1 ШҚО (с. Унжакова, А. Мусохарова, к. Федоров, а. Редькин)
2 СҚО (в. Горан, Н. Щедрина, М. Маклаков, Э. Верховников)
3 Ақмола облысы (а. Хвощенок, к. Балтабаева, Э. Шефер, М. Зиновьев) 15 қыркүйекте биатлоннан ҚР жазғы жастар Чемпионатының қорытынды старты өтеді. Эстафетада ұлдар мен қыздар өнер көрсетеді.

Жазғы жастар биатлон чемпионаты 15 қыркүйекте қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының базасында өткен ұлдар мен қыздар арасындағы эстафеталармен аяқталды. Жарысқа Қазақстанның 10 өңірінен келген командалар қатысты. Эстафета қорытындысы бойынша жүлделі үштік төмендегідей: Ұлдар:
Л. Жулин, Е. Немцев, Т. Коломин (ШҚО)
М. Родунер, А. Жарасбек, В. Мец (ШҚО)
Н. Дудченко, Е. Полторанин, А. Медов (ШҚО) Қыздар:
В. Небогатова, В. Трифонова, В. Машковская (ШҚО)
А. Воробьева, А. Евланенкова, П. Подгорнова (Ақмола обл.)
С. Сатыбалдина, Ұ. Кованова, Қ. Ушакова (СҚО) Жалпыкомандалық есепте Ақмола облысының құрамасы жеңіске жетті. Екінші орынды Шығыс Қазақстан облысы иеленсе, үшінші орынға Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары тұрақтады. Естеріңізге сала кетейік, жазғы жастар арасындағы ҚР биатлон чемпионаты 12-15 қыркүйек күндері Щучинск қаласында өтті. Республикалық біріншілік аясында спринт, жекелей жарыс және эстафета бойынша медальдар сарапқа салынды. Жарысқа еліміздің 10 өңірінен 100-ден астам биатлоншы қатысты. Чемпионат нәтижесі бойынша 2025-2026 жылғы қысқы жарыс маусымына арналған жасөспірімдер мен юниорлар құрамасы жасақталады.