
Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының ауылдық жасөспірімдер ойындары басталды. Жарысқа еліміздің 11 облысынан 200-ден астам жас спортшы қатысуда. Медальдар үш жас тобындағы ұлдар мен қыздар арасында ойналады.
Жарыс аясында жас спортшылар спринттерде, классикалық және еркін стильдегі жарыстарда, сондай-ақ эстафеталарда өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасының ауылдық жасөспірімдер ойындары жалғасады 13 желтоқсанға дейін.
























































































