шаңғы жарысы

08.09.2025_09.jpg

 

Шаңғы жарысынан ҚР жазғы Чемпионаты аясында спортшылар кросста өнер көрсетті. Жарыс 8 қыркүйекте Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтті. Жарысқа 80-нен астам спортшы қатысты. Кросс қорытындысы бойынша Ернұр Бексұлтан ерлер арасында үздік нәтиже көрсетті. Екінші және үшінші орында Нартай Тұрлыбекұлы мен Федор Карпов орналасты. Әйелдер тобында үш көшбасшы – Минура Иважанова, Анастасия Ротова және Мария Геращенко. Шаңғы жарысынан ҚР жазғы чемпионаты 10 қыркүйекте аяқталады. Медальдар эстафетада ойналады.