биатлон

17.09.2025_01.jpg

 

Щучинск қаласында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы базасында биатлоннан ҚР жазғы жастар Чемпионаты басталды. 12 қыркүйекте бірінші жарыс күні медальдар спринтте ұлдар/қыздар мен жасөспірімдер арасында ойнатылды. Қазақстанның 10 өңірінен 100-ден астам биатлоншы жарысқа шықты. Жарыс қорытындысы бойынша юниорлар тобында Антон Редькин пен Анастасия Хвощенок жеңімпаз атанды. Ұлдар / қыздар арасында Кирилл Зотов пен Милена Машковская. Ертең, 13 қыркүйекте, ҚР жастар жазғы Чемпионаты аясында биатлоншылар жеке жарыстарда өнер көрсетеді.