
«Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында қоғамдағы мінез-құлық ережелерін, заң бұзушылықтың салдарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті, әрбір азаматтың құқықтарын қорғауды бейнелейтін бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды.
Идеологеманы ілгерілету жөніндегі жұмыс құқықтық тәртіпті нығайтуға, құқықтық мәдениетті дамытуға және саналы, тәртіпті әрі жауапты азаматтық мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған.
























































































