Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының фристайл-акробатшылары жазғы Гранд-приге қатысты. FIS-старттары Қытайда 20-21 қыркүйекте өтті. Жарысқа Австралия, Қазақстан, Канада, Қытай, Швейцариядан 60-тан астам спортшы қатысты. Қазақстандық акробаттар арасында Асылхан Асан үздік нәтиже көрсетіп, 9-шы орынды иеленді. Бұл старттардағы үш көшбасшы Ной Рот (Швейцария), Тинма Ли (Қытай) және Пирмин Вернер (Швейцария) болды.