Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық даярлық орталығының қызметкерлері Қазақстанда Жұмысшы кәсіптер жылы аясында өткен «Арқан тарту» аудандық турниріне қатысты. Турнир 26 қыркүйекте Щучинск қаласының орталық алаңында өтті. Жарысқа Бурабай ауданының ауыл шаруашылығы, құрылыс, шағын және орта бизнес, теміржол көлігі және басқа да салаларда еңбек ететін командалар қатысты.
Бұл спорттық іс-шара қатысушыларға ұйымшылдық пен командалық рухты көрсетуге тамаша мүмкіндік болды. Турнир соңында барлық командалар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Сайыс жұмысшы кәсіптерін дәріптеу және түрлі мекемелер мен ұйымдар арасындағы байланысты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Еске салайық, ҚР Президентінің Жарлығымен 2025 жыл – Жұмысшы кәсіптер жылы болып жарияланды. Бұл шешім жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық-кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту үшін қабылданған.