ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ШАҢҒЫШЫЛАР ШАҢҒЫ РОЛЛЕРЛЕРІНЕН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕСЕБІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША КӨШБАСШЫ АТАНДЫ

11.09.2023_09.jpg

 

Жасөспірімдер арасында шаңғы роллерлерінен Әлем Кубогының жалпы есебінің қорытындысы бойынша бірінші орынды Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшысы Сұлтан Базарбеков иеленді. Екінші және үшінші орында біздің спортшылар Дастан Калибеков пен Артем Завялов тұр. Дастан Калибеков спринтте де жалпы есепте жеңіске жетті. Жасөспірімдер арасындағы шаңғымен сырғанаудан Әлем Кубогының жалпы есебін итальяндық спортшы Анна Мария Гиди басқарды. Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының шаңғышысы Мария Геращенко мен Елизавета Толмачева екінші және үшінші орында. Сонымен қатар, қазақстандық құрамасы да жалпыкомандалық есепте жеңіске жетті. Шаңғы роллерлерінен Әлем Кубогының үш кезеңінің қорытындысы бойынша біздің спортшылар 32 марапатқа ие болды. Олар 4 «алтын», 14 «күміс» және 14 «қола». Халықаралық жарыстар осы жылдың шілде, тамыз және қыркүйек айларында Қазақстанда, Латвияда және Италияда өтті. Жарысқа Германия, Греция, Италия, Қазақстан, Кения, Латвия, Лихтенштейн, Норвегия, Румыния, Словакия, Словения, Таиланд, Тайбэй, Украина, Швейцария, Швеция және Эстония спортшылары қатысты.