ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН ЖӘНЕ СПОРТ ЭТИКАСЫН БІЛУ ЕМТИХАНЫН ҚСТ ОДО СПОРТШЫЛАРЫ МЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРЫ ТАПСЫРДЫ

13.09.2023_01.png

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығында мамыр айынан қыркүйек айына дейін ҚСТ ОДО бөлімшелерінің спортшылары мен жаттықтырушыларының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білуіне емтихандар өткізілді. Щучинск қаласында өткен оқу-жаттығу жиындарында болған жаттықтырушылар құрамы мен спортшыларды тыңдау орталық базасында оффлайн форматта өтті, ал қалған бөлімдер үшін емтихан ZOOM платформасы арқылы онлайн өткізілді. Емтихан тапсыру кезінде жаттықтырушылар мен спортшылар ұлттық рәміздер туралы, олардың құқықтары мен міндеттері туралы жақсы білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, ҚСТ ОДО тәрбиеленушілері " Қазақстанның әнұранын бірге үйренеміз!"Instagram әлеуметтік желісіндегі @cop_zvs парақшасында челленжден өтті. Спорттық этика негіздерін білу әр спортшыға қажет. Осындай тәжірибе тәртіпті, ұйымшылдықты, мәдениетті және патриотизмді көрсете отырып, қиын және сыни жағдайларда өзін дұрыс ұстауға көмектеседі.