«ҚАНАТТЫ» ШАҢҒЫШЫ ӨЗІНІҢ РЕКОРДТАРЫН БҰЗАДЫ

25.09.2023_05.jpg

 

Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының «қанатты» шаңғышысы Данил Васильев Румынияда шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Гран-придің жазғы кезеңінде топ-10-ға кірді. Бірінші жарыс күнінде спортшы 10-шы орынға ие болды. Келесі күні ол 9-шы орынға ие болып, нәтижесін жақсартты. Айта кету керек, қазіргі уақытта бұл Әлем кубогының кезеңдеріндегі Данил Васильевтің ең жақсы нәтижесі. Шаңғымен тұғырдан секіру бойынша жазғы Гран-При кезеңі 23-24 қыркүйекте Рашнов қаласында өтті. Ерлер жарысына Австрия, Болгария, Италия, Қазақстан, Норвегия, Польша, Румыния, АҚШ, Словакия, Словения, Түркия, Украина, Швейцария, Жапониядан 40-тан астам спортшы қатысты. Спортшылар Normal Hill HS-97 тұғырында өнер көрсетті. Қазіргі уақытта Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары жасөспірімдер арасындағы Әлем Чемпионатына дайындалуда.