ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ҚР ЖАЗҒЫ ЧЕМПИОНАТЫ: СПРИНТ КӨШБАСШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

26.09.2023_01.jpg

 

Щучинск қаласында Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы базасында Шаңғы жарысынан ҚР жазғы чемпионаты басталды. 26 қыркүйекте республикалық біріншілік аясында шаңғы роллерлерінде спринттер өтті. Біліктілік стартына Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарынан, Алматы және Астана қалаларынан 130-дан астам спортшы шықты. Спринт қорытындысы бойынша ерлер арасында үштікті Ернар Нұрсбеков, Святослав Матасов және Әсет Дүйсенов құрады. Әйелдер тобында - Валентина Эбель, Анастасия Хвощенок және Дарья Ряжко. Ертең, 27 қыркүйекте, шаңғышылар жеке жарыстарда классикалық қимылмен өнер көрсетеді.